Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 2,3 трлн теңгені құрайды – министр

18 Тамыз 2021, 10:09
4190
Бөлісу:
Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 2,3 трлн теңгені құрайды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Кешенді жоспарда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 450 га индустриялық аймақты құру қамтылуда. Кешенді жоспардың бесінші бөлімі бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға 11,1 млрд теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, - деді министр.

Ол айтқандай, Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарын реконструкциялау өңіраралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс бөлігіндегі өсу орталығы және ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге «Ақтөбе – Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» сияқты жобалар ықпал ететін болады.«Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автомобиль жолдарын қайта жаңартуды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 61%-дан 95%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Әсет Ерғалиев атағандай, аталған жобаларды іске асыру көршілес өңірлермен жолаушылар ағыны мен жүк тасымалын ұлғайтады.

Осылайша, Ақтөбе облысының тауар айналымы 2025 жылға қарай 1,5 есеге – 2,3 трлн теңгеге дейін артады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы