Ақтөбе облысында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының менеджері ұсталды

5 Қараша 2021, 18:33
986
Бөлісу:
Ақтөбе облысында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының менеджері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» менеджері ұсталды, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, ол өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатты.

Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды. 3 қарашада соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы