Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста жаңа технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардадың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстардың ашықтығын арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті мамандарының айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында Skype бағдарламасы мен бейне конференц байланысы жиі қолданылады.
Департамент қызметкерлері, өткізілетін конкурстардың ашықтығын, жариялылығын және объективтілігін бақылайтын уәкілетті органның өкілдері ретінде, аудан деңгейінде өткізілетін конкурстарға "Skype" IP телефония бағдарламасын қолданады.
Бұл қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және іссапар шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық соттың конкурстық комиссиясы әңгімелесуді бейнеконференция байланысы арқылы өткізуде.
"Жыл басынан бері біздің Департаменттің қызметкерлері аудан және мемлекеттік органдармен өткізілген 30 іріктеу сатысына Skype видео желісі арқылы байқаушы ретінде қатысты. Осылайша, облысымыздың мемлекеттік қызмет саласында инновациялық ақпараттық технологияларды дамытып, оны одан әрі қолдану бәсекеге қабілеттілік деңгейін және халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға зор мүмкіндік беретіні сөзсіз", - деді департамент басшысы Расул Медетов.