Ақтөбе облысында киік мүйіздерінің кезекті партиясы тәркіленді

30 Қазан 2020, 22:16
1692
Бөлісу:
Ақтөбе облысында киік мүйіздерінің кезекті партиясы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан күні «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда облысының 36 жастағы жергілікті тұрғыны мен 28 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің бірінің үйінің ауласындағы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз «Планета-3» маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі бар полипропилен қабы тәркіленді. Бұдан басқа, үй қоймасы бөлмесінен 12 калибрлі «ИЖ-18мм» бір ұңғылы аңшылық мылтық және 12 патрон, ас үй бөлмесінде қол жуғыштың астынан салмағы 5 кг киік еті бар полиэтилен пакет табылды. ҚР ҚК 339-бабы 1-тармағы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.

Күдіктінің бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Киік мүйіздерін көтерме сатып алумен және оларды жақын шет елдерге өткізумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы