Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды

25 Қараша 2021, 08:42
1220
Бөлісу:
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мереке Мәртөк ауылының мәдениет үйінде өтіп, оған ауыл шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлері, аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері мүйізді ірі қара 110,2%, жылқы 111,1%, суармалы алқап жерлерінің көлемі 109,7 % артты. Ауыл шаруашылығы саласында бүгін өңірде 34 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жылына ауыл шаруашылығы саласында шамамен мыңға жуық шаруашылық ашылады.  2021 жылы 861 қожалық құрылды. Ағымдағы жылы ауыл  шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға 24,3 млрд теңге бөлініп, 2020 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қолдау көлемі 25% өсті. Мұндай  қолдаудың нәтижесінде мал басының саны артып, ауылшаруашылық техникасын жаңарту бойынша алдыңғы орындамыз. Баршаңызға Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз,- деді Оңдасын Оразалин.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды

Өңір басшысы облыс басшылығы агроөнеркәсіп кешеніне елеулі назар аударатынын баса айтты.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздік еңбеккерлеріне ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімі атынан төсбелгілер, медальдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Барлығы 62 адам марапатталды.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ауыл шаруашылығы техникасының, мал және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы