Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн ішінде Ақтөбе облысының жеке сот орындаушысы Гүлдана Базарбаева екі борышкерден алименттік қарызды өндіріп алды, оның ұсынысы бойынша тағы екі әке әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 бабына сәйкес, екі борышкер бір және бес тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Бірінші борышкердің бала алдындағы қарызы 300 мыңнан асса, екіншісі бес жыл ішінде 3 603 828 теңге қарыз жинаған, - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.
Үшінші іс бойынша Г. Базарбаева борышкердің жылжымайтын мүлкіне тыйым салған, содан кейін сатып 1 069 774 теңге қарызды өндіріп алды.
Төртінші борышкер сот орындаушының ата-аналық міндеттемелерінен әрі жалтарған жағдайда, әкімшілік немесе қылмыстық жаупкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілгеннен кейін 2 518 526 теңге көлеміндегі берешегін өтеген.