Ақтөбе мен Қостанай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
2021 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) 22.00-ден бастап Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай жолдарында, 0-234-ші шақырым, Қостанай облысының шекарасындағы Қарабұтақ ауылының учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында 22.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысында Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай автожолында, 234-307-ші шақырымда, Ақтөбе облысының шекарасы учаскесі - Адаевка кентінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.