«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері алаяқ болып шықты

22 Маусым 2021, 21:58
3067
Бөлісу:
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері алаяқ болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті жанкүйерлерге 60-тан астам абонемент сатып, түскен қаражатты қалтасына басқан жазды 24.kz.

Алайда белгілі болғаны биыл эпидемиологиялық ахуалға байланысты футбол клубы ешқандай билет дайындамаған. Санитарлық талаптарға сәйкес, ойындар көрерменсіз өтуі мүмкін еді. Алғашқы турларда стадионға санаулы жанкүйер ғана кіргізілді. Індеттің таралуы бәсеңсіп, облыс жасыл аймаққа енгенімен, стадионды жүз пайыз толтыруға әлі де рұқсат жоқ. Сондықтан биылғы маусымға билеттер матч болатын күні ғана сатылады. Соған қарамастан, бұған дейін футбол клубында жұмыс істеген азамат жалған абонементтер әзірлеген. 

ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда зардап шеккен 60-қа жуық азамат, қала тұрғындары бар. келтірілген шығын 2 млн-нан астам. Күдікті қазіргі таңда ешқайда кетпеу қолхатымен жіберілді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Өзгелердің жаңалығы