Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төреғалидің айтуынша өзін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевты кешірген.
Мен туралы қате ойлап жатқан жандар мен баяғыдан бері тик токпен айналысамын. 1,5 жыл болды. Төмендегі видеоны қарасаңыздар көресіздер. Мен өзім жедел жәрдем жүргізушісінен бөлек, актер адаммын. Қате ойламаңдар. Бір таяқ жеп қалды. Хайп ұстап жүр деп. Мен маңдай термен, адал еңбекпен осы дәрежеге жетіп келе жатқан адаммын. Сот арқылы ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын. Одан мен ешқандай рахат алмаймын. Дұрыс жағынан түсінейік. Мен бір нәрсе айтамын. Алла бәрін кешіреді, қандай қателік жасасаң да. Алланың қасында мен жай ғана құлмын. Сондықтан біз де кешіреміз,-дейді Төреғали Берікқалиұлы.
Қазір Төреғали Берікқалиұлының жағдайы жақсарып қалған.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген ер азаматтың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, үлкен талқыға түскен еді. Соққыға жыққан ер азаматқа іздеу жарияланған болатын. Бүгін Нұрбол Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарады.