Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты

7 Желтоқсан 2021, 17:02
959
Бөлісу:
Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 орта мектебінің көркем еңбек пәні және робототехника үйірмесінің мұғалімі Марат Атаназаров оқушысы Жасұлан Шаңытбаймен «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 


Жаңа құрылғы аталған мектепке орнатылып, сынақтан өткізіліп жатыр.

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты  

Антивирус терминалы ең алдымен адамның дене қызуын өлшеп, қолды автоматты түрде ультрадыбыстық датчик арқылы залалсыздандырады. Арнайы тетіктер арқылы балалар мен ересектер үшін бетперде алу мүмкіндігі де қарастырылып, мұнда Ashyq қосымшасы орналатылған. 
   

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты


Қазіргі таңда белең алған коронавирус пандемиясынан құтылудың бірден-бір жолы - бетперде тағып, қолымызды антисептикпен залалсыздандырып, адамдармен қарым-қатынасты азайту деп дәрігерлер ескертіп жатыр. Осындай терминал  барлық білім ошақтары мен балабақшаларда, қоғамдық орындарында тұрса, індеттен тезірек арылуға аз да болса септігін тигізеді деп сенемін, - дейді Марат Атаназаров.

Терминал адам көп шоғырланатын орындарға қоюға арналған. Басты артықшылығы - автоматтандырылған. Құрылғыны қашықтан бақылап, күтіп-ұстау мақсатында арнайы бейнекамера орнатылған. 

Ақтаулық мұғалім шәкіртімен бірге «Антивирус терминал» құрылғысын ойлап тапты

Өнертапқыштар жуырда өткен «Дарын» ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен 1-орын иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алды.

Өзгелердің жаңалығы