Ақтаулық көпбалалы ана 6 адамды жұмыспен қамтып отыр

25 Қараша 2020, 20:44
1268
Бөлісу:
Ақтаулық көпбалалы ана 6 адамды жұмыспен қамтып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаулық Динара Көктаубайқызы 29 шағын-аудандағы «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығында тігін цехын ашып, өзі секілді ісмер әйелдерді жұмыспен қамтып отыр.

Басты мақсат - көпбалалы және аз қамтылған аналарды жұмысқа орналастыру, осы кәсіпті меңгертуге үлес қосу.

Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан қолдау болып, «Жанұя» орталығынан бөлме берілді. Тігін машиналарын сатып алдым. Менімен бірге 2 көпбалалы ана, 1 мүгедектігі бар ана, 2 асыраушысынан айырылған келіншек жұмыс жасап жатыр. Олардың түрлі киімді тігіп, пішуге қабілеттері мен ынталары жеткілікті. Алдымен төсек-көрпе тігіп бастадық. Сосын перделер, балалар киімдері, медициналық халаттар, кейін жұмысшыларға арналған арнайы киімдерден тапсырыстар түсті. Әрқайсысын сапалы етіп жасауға әрі тапсырыс берушілердің көңілінен шығуға тырысамыз,-дейді Динара Көктаубайқызы.

Динараның тігін тігуге деген құштарлығын анасы оятқан. Қыр, сырын меңгеріп, машықтана бастаған соң тігін курсына барып, біліктілігін жетілдірген. Қазір қарамағындағы қыздарды үйретіп жүр. Қазір тігін цехында қызмет ететін 7 әйел бар. Айта кетейік, "Жанұя" орталығында аз қамтылған көпбалалы аналар, жеке кәсібін ашуға ниетті жандар мен өздерін толғандырған мәселелерге байланысты кеңес алуға мүмкіндік бар.

Өзгелердің жаңалығы