Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.
Айта кетейік, 7 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22-25-те Маңғыстау облысы ТЖД Жедел кезекшісіне Ақтау қаласының 29 ш/а мекен жайы бойынша 2-қабатты «Шерқала» кешенінің (ішінде арнайы киім дүкені, автобөлшектер дүкені, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету стансасы, қоймалары бар) 1-қабатында орналасқан7 қарашада «Шерқала» қоғамдық тамақтану кешенінің бірінші қабатында жарылыс болды. Белгілі болғандай, жапа шеккендер жоқ екені анықталды. Жарылыс аумағы 200 шаршы метрді құрады. Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Қазір ол жерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнынан 2 газ баллонын анықтаған. Жарылыс кезінде жұмысшылар оқиға орнында болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша тұрғындардың 10 көлігі қираған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ол.