Ақтаудағы жарты ғасырға жуық тарихы бар маяк қайта жанды

20 Маусым 2021, 12:16
3020
Бөлісу:
Ақтаудағы жарты ғасырға жуық тарихы бар маяк қайта жанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жарты ғасырға жуық тарихы бар «Меловой» маягы қайта жарқырады. 

Қала әкімдігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай маякты қайта жаңғыртты, деп хабарлады 24.kz.

Көпқабатты үйдің шатырында орналасқан мұнара теңіздегі кемелерге жол көрсетеді. Сондай-ақ мерейлі датаға орай шаһардағы тұрғын үйлердің нөмірлері жаппай жарықтандырыла бастады. Игі бастама кәсіпкерлер қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Алғашқы жарықтандыру 30 шағын аудандағы 30-үйден басталды. 

Әлемдегі санаулы нысанның бірі осыдан 10 жыл бұрын істен шыққан болатын. Ақмаржан Ақтаудың тұмарына айналған шамшырақ теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте, тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан. Мұнараның жалпы биіктігі 10 метр. Каспий айдынында жүзген кемелерге 38 шақырымға дейін жарық түсіреді. Бір бағытқа ғана жарық бермей, 360 градусқа айналады. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақовтың айтуынша, нысанның жаңартылуына жаңғыртылуына бюджеттен ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Барлық қаржыны Ақтау қаласына қарасты мекемелер мен кәсіпкерлердің көмегімен жаңартылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы