Ақтауда үлескерлерді алдаған мердігер компания басшысы ұсталды

12 Қараша 2020, 04:45
1629
Бөлісу:
Ақтауда үлескерлерді алдаған мердігер компания басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 300-ге жуық үлескерді алдаған «Тастемір – ЛТД » құрылыс  компаниясының басшысы  ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды. 

Нақты айтқанда, күдікті басқарған компания арзан жарнамамен салымшыларды қызықтырып, қаражатын алып, үйлерінің құрылысын қасақана созып жүрді деп айыпталып отыр. Бұдан бөлек, 15 млн теңгеге дейін қаражатын қолма-қол санап берген үлескерлердің пәтерін бірнеше адамға сатқан.

Сонымен қатар, құрылыс нормаларын бұзып, әкімдіктен еш рұқсат алмағаны анықталды.

Ал алаяқ компанияның кесірінен не ақша, не пәтерсіз қалған үлескерлердің мәселесі қалай болатыны әзірге белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы