Ақтауда саябақтарға 500 көшет отырғызылды

16 Наурыз 2021, 08:40
1020
Бөлісу:
Ақтауда саябақтарға 500 көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық волонтерлер 15 наурыз – Жайлау күніне орай аудан-қаладағы саябақтарға 500 үйеңкі және шаған ағашы көшеттерін екті, деп хабарлайды «Хабар24».

Ақтаудағы орталық саябақта да тал-шыбықтар пайда болды. Облыста кешелі бері «MangystauNauryzFest – 2021» жастар фестивалі жалғасып жатыр. Елді мекендерді көгалдандыру ісіне ерікті жастармен бірге жергілікті оқу орындарының студенттері де белсене атсалысты.

Мақсатымыз – жастарды табиғатты аялауға шақыруКөшеттердің уақытылы суарылуын ұдайы назарда ұстаймыз, - дейді волонтерлер корпусының мүшелері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі шара сәуір айында да жалғасады.

Облыстың баршы жастары, соның ішінде жастардың ресурстық орталықтары, жастар ұйымдары және волонтерлік топтар бірлесіп «Тал егу» акциясын жүргізіп жатыр. Мақсатымыз – қаламыздың гүлденуіне, абаттандыруға жастардың үлесін қосу. Бұл жерде 70-ке жуық жас 200-дей талды егіп жатыр. «Mangystau Nauryz Fest – 2021» жастар фестивалі 23 наурызға дейін әртүрлі шаралармен жалғасатын болады, - облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.
Өзгелердің жаңалығы