Ақтауда өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті қолға түсті

5 Қыркүйек 2021, 06:32
3102
Бөлісу:
Ақтауда өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні полицейлер «ізін суытпай» қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 тамызы күні Ақтау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Ақтау қаласының 16 шағын ауданында «Toyota Hiace» маркалы автокөлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдіктінің көлік иесінің дүкенде болған кезінде ұрлағаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында жоғарыда аталған автокөлікті ізін суытпай тауып, тоқтатты.

Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда және кінәліге қатысты түпкілікті шешім оның нәтижелері бойынша кінәсінің дәрежесін анықтай отырып қабылданады.

Көлік ұрлануының алдын алу үшін меншік иелері өз мүлкін барынша қауіпсіздендіруі қажет. Темір тұлпарды дүкен жанында немесе күзетілмейтін тұрақтарда қараусыз қалдырмаңыздар, жеңіл пайданы көздейтіндер кез-келген сәтті пайдаланып кететіндігін есте сақтау қажет, – деп атап өтті полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Өзгелердің жаңалығы