Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында табиғатты қорғау полицейлері 2 күнде 15 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, профилактикалық іс-шара барысында орман және дала аймақтарында, табиғи қорықтарда, Ертіс өзенінің жайылмасында және облыстың су айдындарында рейдтер жүргізіледі.
Рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс өзеніндегі тәртіп сақшылары Ақсу кентінің маңында резеңке моторлы қайықтың көмегімен өзенге ұзындығы 140 метр болатын 200 метрлік Қытайда шығарылған 2 желі мен 4 капрон желісін орнатқан 2 тұрғынды ұстады. 20 келіден аса көксерке балығы ауланған болып шықты, - деді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Айта кету керек, Павлодар облысында «Қызыл-Тау» мемлекеттік қорықшасы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «Ертіс өзенінің жайылмасы» мемлекеттік кешенді қорықшасы, Қ.Сәтпаев атындағы каналының санитарлық аймағы, Павлодар облысының аңшылық алқаптарының резервтік қоры аумақтарында аң аулауға тыйым салынған.
Еске салайық, Павлодар облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазаннан бастап 11 қарашаға дейін «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.