"Ақшаға сатып алынған білім қандай білім?" – Назарбаев

21 Тамыз 2019, 13:52
2891
Бөлісу:
"Ақшаға сатып алынған білім қандай білім?" – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін сынады. 

«Көптеген жоғары оқу орнында емтихан ақшамен тапсырылатынын білеміз. Университетке түсу кезінде болды. Бірақ әдеттегі сессиялар кезінде сынақ кітапшаларын, бағаларды сатып алады. Студенттер жатақханадан орын алуда, басқа да өмірлік мәселелерді шешу кезінде пара беруге мәжбүр болады. Бұл жастардың наразылығын тудырады. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Кеңеске жоғары оқу орнындағы бұл мәселені зерттеп, талқылауға шығаруды тапсырамын. Қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз. Жастардың өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға белсенді араласуы тиіс. Ақшаға сатып алынған білім қандай білім? Сонда қандай маман шығарамыз?» - деді Назарбаев Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Ол Назарбаев университетін мысалға алып, ол жерде емтиханнан өту үшін ақша ұсынбайтынын айтты. 

«Назарбаев университетін алайық. Бұл Назарбаев университеті болғаны үшін емес. Біреу онда сынақ немесе емтихан үшін ақша ұсынуға тырысып көрсін. Олар мұндайды түсінбейді. 10 мың қазақстандық батыстың үздік университеттерінде білім алды. Олар сынақ үшін пара беруге болатыны туралы айтып көрсін. Ол жақта мұндай жоқ. Бізде неге бұл әлі күнге дейін барын білмеймін. Көрдік қой кезінде. Баласының артынан қысқа қарай ауылдан соғым жібереді. Бітіргенде де, түскенде де жібереді. Әліге дейін сонымен жүріп келе жатырмыз. Ректорлармен де жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жыл отырған ректорлар бар. Қайда білім министр? Сен соның бәрін қара. Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. «Президент тағайындайды» дегеннен кетеміз. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдру керек. Оны жамасаң білім саласында ештеңе жасай алмайсың», - деді Елбасы.
Өзгелердің жаңалығы