АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы Тоқаевтың бастамалары туралы жазды

27 Қараша 2021, 19:41
1052
Бөлісу:
АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы Тоқаевтың бастамалары туралы жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы әлемдегі діни бостандыққа қатысты ахуал туралы дәстүрлі баяндамасын жариялады. 

Комиссияның баяндамасында 2020 жылғы әлемдегі діни бостандық туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың діни бостандық саласын жақсарту бойынша оң өзгерістері мен бастамалары туралы жазылған.19 қарашада Комиссия төрағасы Надин Маенза мен оның орынбасары Нури Туркель «Қазақстан Республикасының визуалды ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына жасалған биылғы қарашадағы түзетулерге ресми түсіндірме жолдады.

Комиссия төрағасы Надин Маенза және оның орынбасары Нури Туркельдің атынан жолданған хатта діни сенім еркіндігі саласындағы реформаларға тұрақты бейілдігі үшін еліміздің Үкіметіне ризашылық білдірілген. Бұл діни қызметті реттеу мәселесіне қатысты ұсынылған түзетулерді шолып, қайта қараған кезде еліміздің бейілділігі тағы да нақтыланды.
Қабылданып жатқан реформаларға уақыт қажет екенін мойындай отырып, қазіргі заңнамаға енгізілмеген мәселелерді шешу ісін қоса алғанда, біз, сіздердің ниеттеріңіздің түзу екеніне сенімдіміз. Ұсынылған түзетулер жобасы нақты ілгерілеуді білдіреді. Ал бұл жобалардың жақында қайта қаралуы Комиссияның, АҚШ үкіметіндегі әріптестеріміздің және азаматтық қоғамның көтерген мәселелерін қарастыруда Қазақстан үкіметінің шынайы күш жұмылдырғанын көрсетеді, – делінген хат мазмұнында.

Сонымен қатар түсіндірмеде Қазақстан мен АҚШ арасындағы Діни бостандық жөніндегі сараптама жұмыс тобының алдағы отырыстары барысында діни сенімді кемсітушілікті қылмысқа санау және оны міндетті тіркеу мәселелері бойынша бірлескен диалогты жалғастыруға ұмтылатыны айтылған.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі мен Комиссия арасындағы жұмыс қатынастарына жоғары баға берілген.

АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы Тоқаевтың бастамалары туралы жазды

Өзгелердің жаңалығы