Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясы (USCIRF) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ресми түсініктеме жариялады.
Америкалық сарапшылар еліміздің діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы бағытын жағымды бағалады.Біз Қазақстан Үкіметіне діни сенім бостандығы саласындағы реформаларды жалғастырып келе жатқаны үшін алғыс айтамыз, – делінген түсініктемеде.Комиссияның пікірінше, заң жобасы Қазақстанның аталған бағытта нақты ілгерілеушілікке қол жеткізудегі үздіксіз күш-жігерін көрсетеді. Диалогтың Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Қазақстан-АҚШ Жұмыс сараптау тобының аясында тиімді жалғасатынына үміт білдірді.