Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та ер адам тістері адамдыкіндей балық аулап алған. Кейпкодтық мөңке балық жергілікті балықшы Натан Мартиннің қармағына түскен.
Бұл туралы BBCRussian хабарлады.Ол өзінің facebook-тегі парақшасында аулаған балығының суретін салып қойған. Натан Мартиннің сөзінше, ол осындай азулы балықты бұрыннан аулағысы келген, алайда аузында адамдыкіндей көп тіс болады деп күтпеген.
Бұл керемет балық аулау болды. Енді балығымды тезірек жейтін уақытты тағатсыздана күтіп отырмын, - деді ол Макклатчи Ньюс агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, адамдардыкіндей тісі бар балық - мутант та, нашар экологияның құрбаны да емес. Оның ресми атауы да бар - кейпкодтық мөңке балық. Бұл балық Солтүстік Америка суларында, Кейп-Код, Массачусетстен бастап, Флорида мен Бразилияның Мексика шығанағына дейінгі аумақта мекен етеді.
Әдетте кейпкодтық мөңке балықтар айлақ маңындағы суларда, су астындағы рифтертің жанын мекендейді. Ересек балықтың ұзындығы 91 см-ге дейін жетеді, ал салмағы 9,6 келіге дейін жуықтайды.
Ересек балықтың алдыңғы жақсүйегінде күрек түстері анық байқалады. Бұдан бөлек үстіңгі жақсүйегінде үш қатар және астыңғы жақсүйегінде екі қатар азу тістері болады. Жақсүйектің артқы бөлігіндегі мықты тістері тасбақаның сауытын да бөлшектеп жібере алады екен.