АҚШ-та шекараны кесуге талпынған мигранттар саны артты

19 Наурыз 2021, 08:47
2116
Бөлісу:
АҚШ-та шекараны кесуге талпынған мигранттар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Мексика шекарасы арқылы өтпек болған мигранттар саны күрт өсіп, жағдай шиеленіскен, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Америкалық шекарашылар өткен айда 100 мың босқынды ұстаған. Бұл соңғы 20 жылда ең жоғарғы көрсеткіш дейді сарапшылар. Ал 4 ай бұрын қаңырап бос тұрған уақытша қабылдау орындары босқындарға толған. Шекараны ата-анасыз кесуге талпынған балалар көбейген. АҚШ кеден қызметі ақпан айында ел аумағына заңсыз кірген мигранттардың 70 процентін кері қайтарыпты. Республикалық партия өкілдері бұл жаңа биліктің бұрынғы президент Трамптың біраз үкімін алып тастауынан деп айыптап отыр. 

Біздің елде зорлық-зобылық көп. Абайсызда қылмысқа қатысты болып шығуың да мүмкін. Сондықтан тәуекелге барып АҚШ-қа өтуге бел шештім. Бір айдай жүріп, көп қиындықты бастан кешіп осы жерге әзер жеттік. Енді сәтін салып Америка аумағына кіруге рұқсат берер деген үміттемін, – дейді мигрант.


Өзгелердің жаңалығы