Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та ғалымдар астық өсірудің тың идеясын ойлап тапты. Жеміс-жидек өсіру ісін арнайы роботтар жеңілдетіп отыр.
Жаңа иновация әлемді жайлаған қуаңшылық мәселесін де шешіп отыр дейді мамандар. Қазірдің өзінде жаңа технологияға ірі инвесторлар қызығушылық таныта бастады. Өндіруші компанияның басшысы бұл роботтар арқылы астық топырақта емес, қоректік заттармен құнарланған суда өсіріледі. Осылайша су да үнемделіп отырады. Роботтар датчик арқылы судағы азот пен қышқылдылықтың деңгейін тексеріп отырады.
Тың технология көлемі 930 шаршы метр болатын Гилрой қаласындағы жылыжайда іске асырылған. Компания Техас қаласында көлемі 49 мың шаршы метр болатын жаңа жылыжай құрылысын бастады. Ауыл шаруашылықты дамытуға арналған стартапқа Билл Гейтстің қоры 50 млн доллар қаражат бөліп отыр.
Жаңа технологияның алға басуы арқылы жерге зиян келтірмей астық өсіруге болады. Шығынды азайтып, мол өнім өсіре аламыз. Осы мақсатта арнайы роботтарды ойлап таптық. Енді су мен электрқуатын үнемдеу арқылы мақсатымызға қол жеткізе аламыз. Бұл мен үшін үлкен мотивация, - дейді өндіруші компанияның басшысы Сара Осентоски.