АҚШ-та қар барысынан коронавирус анықталды

12 Желтоқсан 2020, 12:27
2782
Бөлісу:
АҚШ-та қар барысынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар барысының коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы хайуанаттар бағында алғаш рет тіркеліп отыр. 

АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл хайуанаттар бағында қар барысында коронавирустық инфекция бары расталды. Бұл туралы 11 желтоқсанда мекеменің Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Адамдарда COVID-19 вирусын тудыратын SARS-CoV-2 вирусының сынағы Ниси атты қар барысында да анықталды. Хайуанаттар бағындағы Кимти және Меру атты тағы екі еркек барыстың талдау нәтижелері күтілуде, - делінген хабарламада.

Үш барыстан да аурудың жеңіл белгілері байқалған. Алайда, аңдардың жағдайы жақсы. Хайуанаттар бағының басқа жануарларынан коронавирус анықталған жоқ.

Хайуанаттар бағының баспасөз қызметінің мәлімеуінше, барыс инфекцияны хайуанаттар бағының бір қызметкерінен асимптоматикалық жолмен жұқтырған. Қазіргі уақытта барыс карантинге алынды. Қызметкерлер олардың денсаулығын мұқият қадағалап отырғаны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы