Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алабамадағы футбол матчында төрт адам жарақат алды. Белгісіз адам көпшілікке оқ жаудырған, деп хабарлады NBC news.
Көрермен стадионнан шығуға асығып, ойыншылар жерге құлаған. Зардап шеккендердің бірі - ауыр жағдайда. Жараланғандардың төртеуі кәмелетке толмағандар.
Жергілікті полиция бастығы Пол Прейннің айтуынша, атыс стадионнан шығатын дәлізде болған. Барлығы жеті оқ атылды.
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы туралы ештеңе белгісіз.