АҚШ-та COVID-19 инфекциясына шалдыққандар және жағдайы ауыр науқастар саны өсті

26 Тамыз 2021, 15:28
5009
Бөлісу:
АҚШ-та COVID-19 инфекциясына шалдыққандар және жағдайы ауыр науқастар саны өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар және жағдайы ауыр науқастар санының күрт өсуі байқалды. 

Тамыз айында ауруханаға жатқызу саны екі есе өсті. Пациенттер саны 100 517-ге жетті, 1 тамызда бұл көрсеткіш 53 529 шамасында еді. Елдегі ең жоғары вирус жұқтыру көрсеткіші 14 қаңтарда - 142 229 адам тіркелді. 

АҚШ-тың кейбір штаттарындағы ауруханалардың жүктемесі толық. Джорджия, Кентукки, Теннесси және Айдахо қосымша қызметкерлер мен ресурстар сұратып отыр. Вирус жұқтырғандардың арасында вакцинацияланбаған азаматтардың саны көп, сондай-ақ балалар да бар.

Латвия билігі де коронавирус инфекциясының көбеюі туралы хабарлады. COVID-19 ауруының орташа екі апталық көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 100 шекті көрсеткішке жақындады. Соңғы күндері жағдайлардың күрт нашарлағаны байқалады. 

24 тамызда 12 453 сынақтың 249-ы оң нәтиже көрсетті. Ауруханаға жатқызу, тиісінше өлім-жітім саны артты. SARS-CoV-2 вирусының құрбандарының жалпы саны 2 570 адамды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы