АҚШ Президенті Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Мемлекеттік хатшы

23 Сәуір 2021, 02:13
5642
Бөлісу:
АҚШ Президенті Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды – Мемлекеттік хатшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сұхбаты өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты деп хабарлады.

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

М. Тілеуберді Президент Қ. Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз тарапынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ-тың табанды қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.


Өзгелердің жаңалығы