АҚШ пен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық күшейіп жатыр

26 Мамыр 2021, 17:22
4405
Бөлісу:
АҚШ пен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық күшейіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Юта штаты өкілдерінің шақыруымен Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы ресми іссапармен Солт-Лейк-Сити қаласына барды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында Юта штатының лейтенант-губернатор Дейдре Хендерсонмен кездесіп, екі жақты экономикалық, мәдени, ғылыми ынтымақтастық жөнінде сөз қозғалды. Дейдре Хендерсон өз кезегінде екі жақты тиімді қатынастарды қолдайтынын және Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі пайдалы қазбаларды өндіру, туризм, ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының басшыларымен және осы салалардағы штаттың жетекші компанияларымен кездесу болды.«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының Солтүстік Америка аймағы бойынша ресми өкілі Ғалымжан Матаев еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді және американдық компаниялар тарапынан қызығушылық тудыратын бірқатар нақты жобаларды таныстырды, - делінген хабарламада.

Сапар қорытындысы бойынша екі жақ тараптан қызығушылық тудыратын нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы