Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, Кеннет Маккензи CENTCOM басшылығына 2019 жылдың наурызында тағайындалған. Америкалық генерал бұрын Ауғанстанда қызмет еткен, сондай-ақ теңіз корпусында басшы және Пентагондағы штаб басшыларының Біріккен комитеті төрағасы болған.