Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 14 шілдесінен бастап Америка Құрама Штаттарының билігі иттердің 113 елден әкелінуіне уақытша тыйым салды. Бұл тізімге Қазақстан да енген.
Тізім АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында жарияланды.
Қазақстандық иттерге АҚШ-қа ит құтыру ауруының таралу қаупіне байланысты кіруге болмайды. Тыйымның шарттары жария етілмеген.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының (CDC) хабарламасында иттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және ит құтыруы вирусының елге қайтадан енуіне жол бермеу үшін шектеулер қажет екендігі ескертілді. Төтенше жағдайларда итке кіруге рұқсатты бөлімнің өзінен алдын ала алу керек. Келген кезде ешқандай құжат берілмейді.
Айта кетейік, былтыр Атырау қаласы тұрғынының иттің басын тоңазытқышқа қысып, қорлық көрсеткені туралы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Кейін ол мас болғанын, иттің бақшаны таптап тастағанын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Содан кейін итті АҚШ-тың Элин деген азаматшасы асырап алып, Лаки деп ат қойған болатын.