Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Ауғанстаннан арнайы визаны алуға үмітті 30 мың босқынды қабылдауға дайын.
Бұл туралы CNN-ге Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.Оның сөзінше, босқындар уақытша Техастағы Форт Блисс және Висконсин-дегі Форт Маккой базаларына орналастырылады.
Айта кетейік, Албания және Солтүстік Македония ауғандық босқындарды АҚШ есебінен қабылдауға дайын екендерін мәлімдеді.
Бұған дейін Канада 20 мың ауған босқынын қабылдауға ниеттеніп отырғаны хабарланды.