Ақсай шатқалындағы өртті тік ұшақ пен 100-ге жуық өртсөндіруші сөндіріп жатыр

28 Қыркүйек 2021, 11:48
1700
Бөлісу:
Ақсай шатқалындағы өртті тік ұшақ пен 100-ге жуық өртсөндіруші сөндіріп жатыр
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Ақсай шатқалынан 8 шақырымда биіктігі 2000 метр жерде жапырақты орман төсеніші және құрғақ шөп жанып жатыр.

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, 26 қыркүйек күні сағат 18:20-да Алматы облысы Қарасай ауданы «Іле-Алатау» МҒӨК аумағындағы, Ақсай шатқалынан 8 шақырым жердегі «Радуга» саяжай қоғамына жетуі қиын таулы аумақта, биіктігі 2000 метр жерде жапырақты орман төсеніші және құрғақ шөптің жануы туралы хабар келіп түскен. Жартылай ағаштар жануы 3 га алаңда байқалуда.

Өрт шыққан жерге дереу Алматы облысы ТЖД мен Ақсай орман шаруашылығының күштері мен құралдары жіберілді. 28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу бар. 

ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы су шашуда. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб Алматы облысы ТЖД бастығы Аасқат Тойчубековтың басшылығымен ұйымдастырылды. Аэровизуалды бақылау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді, - деді ТЖД өкілі.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 техникасы мен 25 қызметкері, Ақсай орман шаруашылығының 70 қызметкері мен 15 техникасы, ТЖМ 28237 ә/б 50 әскери қызметкері мен 2 техникасы, «Қазавиаорманқорғау» 10 қызметкері, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылған.

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 км қашықта және «Радуга» бау-бақша қоғамы 8 км қашықта орналасқан.


Өзгелердің жаңалығы