Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әншi-композитор, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Заманының заңғары Ескендір аға бүкіл саналы ғұмырын қазақ ән өнері жолына арнаған біртуар дарынды да дегдар жан болды. Өнер саңлағы өмірінің соңғы сәтіне дейін руханият жолына ерінбей еңбек сіңіріп, халқына қалтқысыз қызмет етті. Ағамыздың ән әлемінің шоқжұлдызы ретіндегі біртуар болмысы мен жарқын бейнесі, шырқаған әндері мен ұлттық өнер қазынасына қосқан музыкалық туындылары халқының жүрегінде өнер қазынасының тозбас жауһары ретінде мәңгі сақталатын болады.
Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын, - деп жазды министр.