Ақордада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

22 Тамыз 2021, 19:57
1604
Бөлісу:
Ақордада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің іс басқармасы баспасөз қызметі Ақорда қасбетінің құлаған бөлігі салынған фотосуретке түсініктеме берді. Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлады.

Facebook әлеуметтік желісінде блогер Азамат Ерғали Ақорданың қасбетінің құлаған бөлігін көрсетіп, суретін салған еді.

Осыған орай Президенттің іс басқармасы баспасөз қызметі резиденция ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Биыл жазда Ақорда резиденциясының ғимаратының шатырына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс мамыр айында басталды және қыркүйекте аяқталады. Ғимараттың қасбеті шатырға оңай көтерілуі үшін алынды. Шатырдағы жөндеу аяқталғаннан кейін ол орнына бекітіледі, деді баспасөз қызметіндегілер.

Ақордада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Ертең, жұмыс күні, жағалау жақтағы құрылыс барысын, Ақорданың қабырғаларымен шатырға қалай көтерілетінін көруге болады, — деп қосты баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы