Ақмолалық жастар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуда

13 Қыркүйек 2021, 19:02
1479
Бөлісу:
Ақмолалық жастар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге кандидаттардың құжаттарын қабылдау жүргізілуде. Оның құрамына 50 жас басқарушы енеді. Резервке жоғары білімі мен жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, жасы 35-тен аспаған Қазақстан азаматы қабылдануы мүмкін.

Бұл туралы МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Жазира Тоқтар хабарлады.

Кадр резервіне енгісі келетін ақмолалықтардың арасында тәуелсіздіктің құрдастары бар, олар бүгінгі таңда әр түрлі салаларда еңбек етіп, айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, облыстың дамуына үлес қосуда.

Олардың ішінде – Абылай Шыңғысұлы Балтабаев, SD Entertainment продюсерлік орталығының негізін қалаушы әрі директоры, ТМД елдеріндегі TOП 100 DJ, үздік журналист, «Kokshe» телеарнасының таңғы бағдарламасын жүргізуші. Негізгі жұмысынан басқа, ол шығармашылықпен, жастарды ілгерілетумен, сонымен қатар продюсерлікпен және диджейлікпен айналысады, оған қоса «Жаңғыру жолы» бағдарламасының жетекшісі.

Әрине, Президенттік жастар кадр резерві әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін, тек нәтиже үшін жұмыс істейтін команданың маңызды бөлігі болғысы келетін жас, өршіл және шығармашыл адамдарға үлкен перспективалар ашады. Мен өз бағымды сынап көргім келеді және өзін-өзі дамытуға дайын жас мамандарға сәттілік тілеймін! - деді Абылай.          
«Аманат» еріктілер орталығының жетекшісі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының орынбасары Айжан Қорғанқызы Құсайынова да кадр резервіне үміткер. Айжанның екі жоғары білімі бар, еріктілер клубының негізін қалаушы ретінде ол жастарға білім береді, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына барынша қолдау көрсетеді.
Мен басқаларға қол ұшымды беру жолын таңдадым, өйткені менің көмегіме мұқтаж адамдардың тағдыры мен үшін маңызды. Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде мен алдымызда ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар үшін ризамын. Бұл жоба еліміздің дамуының катализаторы болуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуға дайын нағыз жауынгерлерді іріктеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Айжан.

Президенттік жастар кадр резерві - бұл жастардың болашағына салынатын инвестиция, олардың әлеуетін барынша тиімді іске асыру мүмкіндігі.

Өзгелердің жаңалығы