Ақмолада зейнеткердің мүлкін ұрлап кеткен адамды із кесуші ит тапты

<p style="text-align:justify;"> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада зейнеткердің мүлкін ұрлап кеткен адамды қызметтік ит тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. </p> <p style="text-align:justify;"> </p>

 26 Қараша 2021 2021, 20:00
26 Қараша 2021 2021, 20:00
1498

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада зейнеткердің мүлкін ұрлап кеткен адамды қызметтік ит тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағы бір қылмысты Ақмола облысындағы Герда қызметтік-іздестіру иті ашты. Полиция қызметкері Абылайхан Ержановтың айтуынша, Герда тек иіс ізімен жұмыс істейді, өте белсенді және шапшаң ит.

Неміс овчаркасы бүкіл жаттығу курсын әрдайым жақсы орындайды және жаттығуларсыз бір күн өмір сүре алмайды, – дейді ит жаттықтырушысы.

Қызметтік-іздестіру иті Ақкөл ауданында кезекті қылмысты ашты.

Бұл күні ПБ кезекші бөліміне 76 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Зейнеткер 15 қарашаға қараған түні белгісіз тұлғалар үйдің ауласында орналасқан моншадан аспалы құлыпты бұзып, тауар-материалдық құндылықтарды ұрлап әкеткенін хабарлады.


Наверх