Ақмола облысының ең жас әкімі анықталды

26 Шілде 2021, 18:16
1912
Бөлісу:
Ақмола облысының ең жас әкімі анықталды

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. 25 шілде күні сағат 20.00-де Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау аяқталды. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов брифингте ақмолалықтардың дауыс беру қорытындысын жариялады.

Ақмола облысында барлық 95 сайлау округінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау өтті. Сайланатын әкімдердің саны бойынша өңір ҚР-да бірінші орын алады. Сайлаушылар тізіміне 100 111 азамат енгізілді, олардың 75 833-і (75,75%) қатысты.

Спикердің айтуынша, сайланған 95 әкімнің 14-і мемлекеттік қызметші, 50-і ауылдық округте қайта сайланған, 5 адам - уақытша жұмыс істемейді, 13-і-бюджеттік ұйым қызметкері, сондай-ақ коммерциялық құрылымдардың өкілдері де бар. Сайланған әкімдердің арасында 15 әйел бар. Сайланған 50 әкім сайлауға түскен ауылдық округте, 44-і ауданда, біреуі облыста тұрады.

Әкімдердің орташа жасы – 46,8. Ең жасы – 29-да. Бұл Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округінің тұрғыны Асхат Ахмедьянов. 25-26 жасқа толған кандидаттар болды, бірақ олар өтпеді. Ең ересегі - 62 жас – Ерейментау ауданы Бозтал ауылынан Қанат Мұқанов, - деп түсіндірді Манарбек Сәдуов.
Сайланған 95 әкімнің 81-і партия арқылы, 14-і өзін-өзі ұсынған азаматтар. Nur Otan партиясынан 74 адам, «Ауыл» ХДПП - дан бір адам, «Ақ жол» ҚДП-дан екі адам, «Адал» СП-дан бір адам, ҚХП-дан үш адам өтті.
Ең көп дауыс саны – 100% – Егіндікөл ауданы Абай ауылының тұрғыны Майгүл Қарбековаға берілді, - деді Манарбек Сәдуов.
Спикердің айтуынша, сайлаушылар дауысындағы ең аз алшақтық Степногор қаласының Бөгенбай ауылдық округінде тіркелген. Мұнда дауыстарды санау басталған кезде, бір кандидатта 133, екіншісінде 134 дауыс болды. Айырмашылық тек 1 дауыс.

Дауыс беру барысына сайлаушылардан ешқандай шағым түскен жоқ. Ертең әкімдерді тіркеу басталады, содан кейін олардың жұмысқа кірісуге толық құқығы бар, - деп түйіндеді Манарбек Сәдуов.

Өзгелердің жаңалығы