Ақмола облысында жүк көлігі өртеніп кетті

5 Шілде 2021, 08:47
1783
Бөлісу:
Ақмола облысында жүк көлігі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында «Газель» көлігі өртеніп кетті.

Бұл жайында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. 

Маусымның 4-де сағат 20:24 шамасында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында, яғни Целиноград ауданының Төңкеріс ауылы маңында «Газель» көлігі өртенген. Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады. 

Өрт сағат 20:45 шамасында ауыздықталып, 20:50 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомствоның хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы