Ақмола облысында жеті көлік соқтығысты

1 Қараша 2021, 21:30
938
Бөлісу:
Ақмола облысында жеті көлік соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан-Петропавл тасжолында жеті көлік жол апатына ұшырады. Қаза тапқандар жоқ, төрт жолаушы, оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Біржан сал ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 186 шақырымында жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.  

Toyota Camry жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны Петропавл бағытында келе жатып, орталық қисық сызықты білеуді соғып кеткен. Жол апаты салдарынан әртүрлі маркадағы жеті көлік соқтығысты. 4 жолаушы, оның ішінде 9 жасар бала түрлі дене жарақатымен Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, – деп түсініктеме берді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушілері сау.

Өзгелердің жаңалығы