Ақмола облысында «Қыс – 2021» оқу-жаттығуы басталды

12 Қараша 2021, 13:30
879
Бөлісу:
Ақмола облысында «Қыс – 2021» оқу-жаттығуы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, оған Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, БАҚ, оқу-жаттығуға қатысатын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Республикалық командалық-штабтық жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру және оның алдын алу жөніндегі іс-қимылдарға тексеру мақсатында жүргізіледі. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Ақмола облысында «Қыс – 2021» оқу-жаттығуы басталды

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Ерейментау ауданы таңдалды.

Биыл біз Ерейментау қаласын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Географиялық жағдайлары мен аумақтық орналасуы бойынша жыл сайын дәл осы ауданда қысқы кезеңде автомобиль жолдарында кептелістер болады. Бүгін аудан орталығына облыстық Азаматтық қорғау қызметінің барлық өкілдері келді. Қысқы кезеңге дайындық тексерілуде, – деді Нұрлан Атығаев.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Өткен жылдың қыс мезгілінде Департаменттің бөлімшелері полиция департаментімен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, жол қызметтерімен бірлесіп қар құрсауынан 89 бірлік техниканы сүйретіп шығарды. Республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ құтқару бөлімшелері 69 шығуды жүзеге асырды. 550-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 817 адам орналастырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы