Ақмола облысында 742 шақырым жол жөнделді

26 Қараша 2021, 17:30
804
Бөлісу:
Ақмола облысында 742 шақырым жол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Ол жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және көше-жол желісін салу, жөндеу бойынша 230 жоба іске асырылды, олардың 180-і аяқталды.

Биыл жергілікті маңызы бар 800 км жол жөнделді, жобаларды іске асыру нәтижесінде біз жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 82%-ға дейін арттырамыз, - деді аймақ басшысы.

Ермек Маржықпаев өз баяндамасында соңғы бес жыл ішінде 2400 шақырымнан астам жергілікті жол, оның ішінде 800 шақырымы ауылдық жерде салынғанын және жөнделгенін хабарлады.

Естеріңізге салайық , Ақмола облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 8 мың шақырым, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 5,6 км.

Өзгелердің жаңалығы