Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?

27 Желтоқсан 2020, 20:09
2627
Бөлісу:
Аққуды өлтіргендер қандай жауапкершілікке тартылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы өлтірілген аққуға қатысты түсініктеме берді.

Инспекция баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство қызметкерлері аталмыш мекенжайға барған, алайда өлі құстың денесін таппаған.

Инспекция қызметкерлері жағалауды мұқият тексеріп шықты. Дегенмен өлі аққу табылмады. Құсты қаңғыбас иттер алып кетуі мүмкін. Себебі жағалаудағы құмда ит іздері анық көрініп тұр, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, аққуды заңсыз өлтіргендерге қатысты 208 350 теңге көлеміндегі айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар ҚР ҚК 316-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік те көзделген.

Аталмыш дерек бойынша инспекция полиция департаментіне хабарласқан.

Егер қала тұрғындары өлі аққуға қатысты қандай да бір ақпараттан хабардар болса, +7 (7292) 331 037 және +7 771 605 26 70 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Ақтаудың 1а шағын ауданында өлі аққу табылғаны хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы