Әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды

8 Қаңтар 2024, 17:18
451
Бөлісу:
Әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша 14 мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, - делінген хабарламада.

Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы