Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға не береді?

22 Қаңтар 2021, 10:11
3574
Бөлісу:
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтарға не береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтты. 

Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік әділетті енгізеді. Кодекстің негізгі мақсаттары: азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекіту, әкімшілік органның жоғары тұрған органында және сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу, - деді Пан. 

Ол атағандай, Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Заң шығару саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Әділет министрлігі Заң жобаларының сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тартуға бағытталған заң жобасы бойынша жұмыс жүргізуде, - деді ол. 

Ол атағандай, заң жобасы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу алдындағы жаңа кезеңді енгізуді көздейді. 

Бұл құжатта проблемалар мен оларды шешудің баламалары айқындалады. Сондай-ақ оларды талқылау қорытындылары көрсетіледі. Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр, - деді Наталья Пан.
Бұған дейін ол вице-министр Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның қандай заңдарды әзірлегенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы