Әкімшілік газ бағасының неге қымбаттағанын түсіндірді

3 Қаңтар 2022, 11:31
1300
Бөлісу:
Әкімшілік газ бағасының неге қымбаттағанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында автокөлік иелері сұйытылған газ бағасының өсуімен келіспейтіндіктерін білдіруде. 

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, газдың бағасы нарықпен, яғни сұраныс пен ұсынысқа қарай реттелетінін айтты, – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының өкілдері өз кезегінде жиналғандарға «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, әрекеттерінің заңсыз екенін түсіндірді.

Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды мәселені құқықтық бағытта, сындарлы қоғамдық диалог арқылы шешуге шақырды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға қоғамдық тәртіпті бұзу – азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, тәртіпті сақтау қажеттігін түсіндірді, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы