Әкімдіктерге жаңа құзырет беру ұсынылды

28 Ақпан 2024, 11:14
426
Бөлісу:
Әкімдіктерге жаңа құзырет беру ұсынылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілісте әкімдіктерге ғылымды қаржыландыруға құқық беру ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Депутат заңда ұсынылып отырған нормалар жайлы айтты.

Заңда әкімдіктерге ғылымды қаржыландыру құқығын беру ұсынылып отыр.

​Заң жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреттерін кеңейтуге қатысты маңызды жаңалық ұсынылды. Мұндай шешім өңірлерде ғылыми әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал ете отырып, ғылымның дамуындағы өңірлік ерекшеліктер мен қажеттіліктерді барынша ескеруге мүмкіндік береді, - деді депутат.

​Асхат Аймағамбетовтің пікірінше, әкімдіктер өңірлердегі проблемаларды шешуде ғылыми зерттеулерді пайдалануға мүмкіндік алады.

Депутат бұған дейін ғалымдарға атағына қарай жалақысына қосымша үстемақы беру керегін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы