Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата басшысы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, бюджеттік бағдарламалардың діттеген мақсатына қол жеткізбеген мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшыларына жауапкершілік жүктеу қажет.
Мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға келер болсақ. Біз бюджеттік қаражатты жалпыұлттық мақсатқа қол жеткізу жолына бекітпейінше, оң әсерге қол жеткізе алмаймыз. Оның үстіне, бюджеттік бағдарламалар мен даму жоспарына, қойылған мақсатқа қол жеткізілмесе, орталық мемлекеттік орган мен өңір басшыларына жауапкершілік енгізу керек. Жергілікті атқару органдары әр тиынның тиімді қооланылуын қамтамасыз етсін, - деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.
Сонымен қатар ол мақсатты трансферттердің басқа мақсатқа қолданылуына тоқталды. Соған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен жаңадан әзірленіп жатқан Бюджеттік кодекске нәтижеге қол жеткізбегені үшін жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық құжаттарында, министрліктердің бюджеттік бағдарламаларында сол немесе өзге саладағы халықтың өмір сапасының өзгеруіне баға беретіндей соңғы нәтиже көрсеткіштері мен индикаторлар көрсетілуі тиіс. Ұлттық статистикада халықтың нақты жалақысы мен табысының өзгеріс көрсеткіші бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бүкіл бюджет жүйесі әлеуметтік блокқа емес, адамға бағытталуы қажет, - деді Наталья Годунова.