Әкімдік: Аягөз ауданында тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ

Абай облысының әкімдігі Семей қаласы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылындағы және Аягөз ауданындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 27 Наурыз 2024 2024, 17:55
27 Наурыз 2024 2024, 17:55
1057
Фото: скриншот

Абай облысының әкімдігі Семей қаласы Озерки ауылдық округінің Қаракөл ауылындағы және Аягөз ауданындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысы ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Қаракөл ауылындағы су тасқыны жағдайына бағалау жүргізді. 

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар ауыл көшелерінен еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстар жүргізуде. Су басқан тұрғын үйлер жоқ. Жағдай қатаң бақылауда, - делінген хабарламада.

Әкімдік төтенше жағдай жарияланған Абай облысының Аягөз ауданында тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ екенін мәлімдеді. 

Қазіргі сәтте ЖАО күштерімен өзен арнасының бойын биіктетіп, нығайтып жатыр. Абай облысы ТЖД қызметкерлері Тлендин көшесі бойында еріген суды шығару жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ, - деді ведомство.

Наверх