Әкімдік ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылды

4 Наурыз 2019, 21:13
2527
Бөлісу:
Әкімдік ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылды

Қызылорда, BAQ.KZ. Облыста мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып облыс әкімдігі ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын бастады.

«Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты - азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру болып табылады.

Ең бастысы бұл дүкенде бақылып тұрған сатушы да, бейнекамера да жоқ. Сатып алушыға өзінің ұяты мен тәрбиесі таразы.

"Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұсынысы негізінде облыс әкімдігі ғимаратында "Адалдық дүкенін" ашып отырмыз. Адалдық дүкендер жүйесі дамыған озық мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Жалпы дүкендер қызметі - қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған", - дейді Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы директоры Қайрат Абсұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы