Әкім: Елді мекендердің қазақша атауын орысша жазуға тыйым салдық

28 Ақпан 2023, 12:34
2041
Бөлісу:
Әкім: Елді мекендердің қазақша атауын орысша жазуға тыйым салдық

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Ұлытау облысының рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Аймақ басшысы, бұл жұмыс былтыр Парламент қабырғасында іске асырылғанын жиналған қауымға жеткізді.

Депутат болып жүргенімізде елді мекендердің атауын орысша атамау жайлы ұсыныс айтып, тиісті өзгерісті заңға кіргіздік. Біз Заңда жердің, елді мекендердің  атауын орысша жазуға тыйым салдық. Орысша «область Ұлытау», «область Жетісу» деп айтылады. Қазір заң бойынша әрбір елді мекен тек қазақ тілінде жазылады. Бұрын «Тәуелсіздік» көшесін «Тауелсиздик» деп орыс тілінде жазуға рұқсат еді. Енді ондай рұқсат жоқ. «Абай» көшесін «Абая» деп ауыстыруға болмайды. Қазақша атау тек қана қазақша жазылады, – деді аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы